07.07.2024, 23:30

Әбдіжаппар Әлқожаның ұсталған сәті түсірілген видео тарады

Фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha

Роза Әлқожаның ұлы Бейбарыс мас күйінде көлік жүргізіп ұсталып, 10 күнге қамауға алынды.

Әлеуметтік желіде әнші Әбдіжаппар Әлқожаның 6 шілде күні ұсталған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеоны Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Еске салсақ, Әбдіжаппар Әлқожа тәртіп сақшыларына қысым көрсетіп, ұсталған болатын. Әнші мас болған.

Сондай-ақ Роза Әлқожаның ұлы Бейбарыс мас күйінде көлік жүргізіп ұсталып, 10 күнге қамауға алынды.