08.07.2024, 06:30

«Бірі білсе, бірі білмес»: Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды

Фото: instagram.com/ulangasyrqamiev

Қартайғанда шетте, ескерусіз қалған қиын тиеді.

Қазақ айтысының жанашыры Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жас әнші Ұланғасыр Қамиев ақынның үйіне барып, жағдайын біліп қайтқан.

«Қазақ айтысының президенті Жүрсін Ерман атамыздың үйінде қонақ болдық. Бірі білсе, бірі білмес менің айтыстан шыққанымды», - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары айтыстың абызына мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

«Жүрсін ағамыз жүз жасасын», «Аңыз атамызға Алла шипа бергей», «Үлкен адамдарды ескеріп барып тұрған дұрыс! Қартайғанда шетте, ескерусіз қалған қиын тиеді!» деп желі қолданушылары жаза жөнелді.