08.07.2024, 16:30

Астанада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

Фото: www.vokrug.tv

Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі. 

Әнші бұл жайында әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүбірлі додаға қатысу үшін әлемнің 100 ден аса елінен 4 мыңнан астам спортшы келеді. Мереке аясында Қазақстан Республикасының  Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Димаш-Али» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана Аренада» менің «Stranger» атты жеке концертім өтеді. Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі. Менің ресми аккаунттарыма назар аудара жүріңіздер. Концертте кездесейік, достар», – деп жазды халықтың сүйікті әншісі Димаш Құдайберген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:  «Әкесі неміс, анасы қазақ»: Димаш жүзік таққан арудың кім екені белгілі болды

«Жалынғанды суқаным сүймейтін адаммын»: Әлішер Кәрімов пен Димаш Құдайберген неге араласпай кетті?

Димаш Құдайберген елден кететінін айтты

«Әйелі екеуі бата берді»: Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен қалай танысқанын айтып берді