Бұл туралы тележурналист Динара Сәтжан мәлім етті.
Мемлекет басшысының мобилографы қызметін атқарып жүрген Қыран Талапбек әлеуметтік желідегі парақшасында ШЫҰ-на келген Президенттердің видеоларын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Креативті видеода келген қонақтарды әр түрлі ракурстан алып, қызықты етіп түсіргені желі қолданушыларының көңілінен шықты.
Соның ішінде Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух Қыран Талапбектің әлеуметтік желіде жариялаған ортақ постын қабыл алған. Бұл туралы танымал тележурналист Динара Сәтжан Telegram арнасында мәлім етті.