$ 480.55  533.75  5.36

Төреғали Төреәлі өзіне көмектескен жігітке 50 мың теңге берді (ВИДЕО)

Өзінде 300 теңге қалса да маған жартысын берді.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі желіге пранк жасаған видеосын жүктеп, көпшілік назарын тағы да өзіне аударды. Бейнежазбада өнер иесінің Алматының қақ ортасында қайыр тілеп жүргенін көруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төреғали Төреәлі қайыршы шалдың кейпіне еніп, қаладағы халықтың реакциясын көрмекші болады. Өнер иесі жұрттан ақша сұрап, өзіне көмектескен адамды қуантуды жоспарлап шыққан. Instagram-дағы парақшасында жариялаған видеода адамдардың әншіні елемей, оның қасынан өтіп бара жатқаны байқалады. Алайда олардың арасынан бір жігіт "қарияға" қол ұшын созады. Ол эстрада жұлдызына 200 теңге береді. Өнер иесі жігіттің игі ісін жоғары бағалап, соңында оған өзінің шын мәнінде кім екенін айтады. Ақтаулық жігіт қатты таңғалып, жұлдызды құшақтап алады. Төреғали Төреәлі соңғы ақшасын өзіне беріп, жақсылық жасаған жанға алғысын айтты. Ол жас жігітке 50 мың теңге берді.

"Жүрегі кең бауырымыз. Өзінде 300 теңге қалса да маған жартысын берді", - деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары