$ 479.38  531.63  5.27

«Басқа әнші шақырылады»: Қайрат Нұртас концерттерден шеттетіліп жатыр

Ұйымдастырушылар жаңартылған тізімді кейінірек Instagram-парақшада жариялауға уәде берді.

Фото: kair_n инстаграм парақшасынан
Фото: kair_n инстаграм парақшасынан

Ұшақта төбелесіп, 15 күнге қамауға алынған Қайрат Нұртастың концерттері мен ән сапарлары кейінге шегерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Pavlodar News порталының мәліметінше, Қайрат Нұртас Металлургтер күніне және Ақсу қаласы күніне арналған концертке қатыспайтын болды. Ақсу ферроқорытпа зауыты ақпаратты растады.

Қайрат Нұртасты басқа әртіспен алмастыратыны туралы ақпарат әзірге белгісіз.

Ұйымдастырушылар орнына басқа әртісті шақыратындарын жасырмады. Ұйымдастырушылар жаңартылған тізімді кейінірек Instagram-парақшада жариялауға уәде берді. Ақсуда жоспарланған шоу-бағдарлама бойынша, жергілікті тұрғындарға "Роял бит" барабаншылары, Luina және Kaliforniya секілді әншілер өнер көрсететіні жоспарланған. 

Айта кетейік, 7 шілде күні "Астана" концерт залында өтеді деп жоспарланған Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов және Қазыбек Құрайыштың концерті басқа күнге ауыстырылған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 8
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары