$ 494.87  520.65  4.91

«Билік тарапынан қысым болды»: Қайрат Түнтеков неліктен сахнадан көрінбей кеткенін айтты

Жол апатына ұшырағанымды сұмдық нәрсе болғандай бүкіл телеарналардан көрсетті ғой. 

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Көптен бері сахнаға шықпай жүрген әнші Қайрат Түнтеков өмірінде болған жағдай туралы баяндады. Оның айтуынша, сахнаға шықпай кетуіне билік басындағылардың әсері бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол «Qazaq Airan» You Tube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Биліктегі адамдардың арасынан менің жолымды бөгеп, эфирге шығартпаған адамдар болды. Олардың аты-жөндерін өзім де білмеймін. Бірақ, болды. Ақпараттық қысым көрсетті. Әйтпесе, мені қудалап, мынаны үйтесің, бүйтесің деген жағдайлар болған жоқ. Сол ақпараттық қысымның өзі маған ауыр тиді. Менің жол апатына ұшырағанымды сұмдық нәрсе болғандай бүкіл телеарналардан көрсетті ғой. Мүмкін біреулерді қосқан болар. Арасында депутат ағаларымыз да сөйледі. Мүмкін, оларға да сол керек болған шығар», — деді шоу-бизнес өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары