$ 479.38  531.63  5.27

«Басқа амал жоқ». Мәдина Сәдуақасова оранған суретін жариялады

Таныдыңыздар ма?

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған жаңа суретімен оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазір өнер иесі отбасымен шетелде демалып жатыр. 

"Таныдыңыздар ма? Біз Катар еліндеміз! Бұл елде осылай киінбесем, басқа амал жоқ, Қалай ойлайсыз неге? Үш нұсқа айтайын:
1. Катар ең ыстық елдердің бірі.
2. Бұл елдің ережесі осындай (ашық шомылуға арналған киіммен суға түсуге болмайды)
3. Қонақүйде қазақстандықтар өте көп, шомылуға арналған киіммен жүру ұяттау", - деп жазды ол.

Әншінің мұндай киімдегі суреті Желі қолданушыларын ойландырып қойды.

"Катар өте ыстық қой, сондықтан осылай киінген шығар", "Бұл елдің ережесі осындай", "Катар Ислам дініне, мұсылман еліне жататындықтан, онда ашық-шашық жүруге болмайды", "Әрине, бұл елде ашық жүруге болмайды, 2 нұсқа, 1 нұсқа да келеді", "Өте ыстық", - деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 19
Күлкілі 4
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары