$ 494.87  520.65  4.91

«4 жылда 346 мың ғана»: Заңгер миллиондап табыс табатын блогердің қанша салық төлегенін әшкереледі (ВИДЕО)

Өздері 300-400 миллион табамыз деп мақтанып жүр. 

Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал заңгер Нұрсұлтан Орынбеков заңсыз лотерея ойнатып жүр деп айыптаған әнші Абай Бегейдің қызының тағы бірі ісін ашты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңгер жеке кәсіпкер болып тіркелген Гүлеркем Ниязқұлова 2021 жылдан бері өте аз мөлшерде салық төлегенін әшкереледі. 

Салықтан жалтару – қылмыстық іс. ҚР Қылмыстық кодексінің 244 бабы-Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы. Абай Бегейдің қызына қатысты іс сотқа жеткенін айттық. ИП Ниязқұлова 2021 жылдан бері 346 мың ғана салық төлеген. Салық төлеп жатырмыз деп өздері де айтып жүр. Егер заңды түрде лотерея ойнатуға рұқсат қағазы болмаса, заң бұзған болып есептеледі. Өздері де лотерея ойнатқан сайын, “300-400 миллион табамыз” деп мақтанып жүр. Үш жылда 346 мың теңге төлеу әділетті ме? Салық төлемі бойынша ресми құжатты ел алдына көрсетуді сұраймыз, – деді заңгер.

Айта кетейік, Абай Бегей блогер қызы Гүлеркем Ниязқұловаға қатысты іске қатыстырған заңгердің негізгі мақсаты аяқтан шалу екенін айтып, мәселені қолға алатынын жеткізген еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Ұялмайтын бет, талмайтын жақ»: Заңгер әнші Абай Бегейдің қызына ескерту жасады (ВИДЕО)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары