$ 487.24  529.34  5.02

«Құны 1,5 млн теңге»: Ерке Есмахан оқырманына қымбат сыйлық тарту етті

Әншінің қымбат сыйлығы 4 баланың анасына бұйырған.

фото: @erke_esmahan
фото: @erke_esmahan

Ерке Есмахан желіде оқырмандарының біріне қымбат сыйлық сыйға тартуға уәде берген. Өнер иесі сөзінде тұрып желі қолданушысына өзі үшін ерекше бренд сөмкесін сыйлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында жазды.

Желідегі ақпаратқа сәйкес, оның бағасы 1,5 млн теңгеге жуық. 

"Уәде еткен сыйлық таңдалды. Бұл сөмкемді біраз елге, жерге, қуанышқа ұстаппын. Fendi брендінен алғанмын. Сөмкенің қазіргі бағасы - 1 млн 472 500 теңге. Жеңімпазымыз - 4 ұлдың анасы. Ақкөңіл, сыпайы, әдемі келіншек екен. Парақшасын көріп, қуанып кеттім. Құттықтаймын. Бұйырған жанға қуаныш, бақыт, байлық ала келсін. Осы сөмкемен дүниежүзін аралаңыз. Қатысқандарыңызға рақмет! Енді жиі сыйлық сыйлап тұратын боламын", - деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 2
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары