$ 495.2  522.34  4.94

«Байып алып, секеңдеп жүр»: Балқия рөлімен танылған актриса қарызы барын айтты

Соны қолданып, түсіріп, басқаша салып қоятын жандар өмір бумеранг. Қысқасы сол, қатыгез болмаңыздаршы!

Фото: instagram.com/nurgul.myngatova
Фото: instagram.com/nurgul.myngatova

«Келінжан» сериалдағы Балқия образымен танылған ақтриса ағынан жарылды. Ол басында несиесі барын айтып, халықтан көпшілікті қатыгез болмауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актриса тіпті, өзін «құтырып кетті» деп сынағандарға жауап берді. Бұл туралы ол Нұргүл Мыңғатова Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Мен өзімді шынайы етіп көрсетемін. Тойға барсам билеп, көңіл көтеріп қайтамын. Өзімнің тойым болса тіптен бидің түбін түсіремін. Желіде бөлек, өмірде бөлек көрінбеймін! Мысалы мына суреттер кинодағы образым, өмірде олай жүрмеймін ғой. Бұл тек менің жұмысым! Демек, өмірде рөл сомдамаймын. Бір тойда абысынтай екеуміз қуып билей қалып едік, Халық небір нәрсе жазды ғой. Балқия құтырған, байып алып, секеңдеп жүр. Жандарым-ау мойнымда несием бар. Менде секіріп билегім келеді ғой. Сонда мен өзіміздің тойда да актриса болып ешкіммен араласпай отыруым керек пе? Табиғатым сол, арам ойым жоқ. Жан-жағымды ойламай демаламын! Бірақ өкінішке қарай, соны қолданып, түсіріп, басқаша салып қоятын жандар өмір бумеранг. Қысқасы сол, қатыгез болмаңыздаршы. Мен сіздерге не жамандық жасап қойдым», - деп жазды актриса.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 23
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары