16.07.2024, 16:40

Нұрболат Абдуллинге билегені үшін «айыппұл» салынды (ВИДЕО)

Фото: Instagram/nurbullin

Абдуллин ақша аударғанын дәлелдеу үшін тіпті, банк қосымшасының түбіртегін желіге жариялаған. 

Әнші Нұрболат Абдуллин желіде халық сынына ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілі өзіне айыппұл салынғанын Instagram-дағы парақшасы арқылы хабарлады.

«Соңғы видеоға айыппұл келді. Әй, түлектер ғой десем түсінбей жатыр», - деп жазды әнші.

Өнер иесі желіде жариялаған видеосы үшін келіншегіне 300 мың теңге «айыппұл» төлеген. Абдуллин ақша аударғанын дәлелдеу үшін тіпті, банк қосымшасының түбіртегін желіге жариялаған. 

Айта кетейік, Нұрболат Абдуллин желіде түлектердің 5 жылдық кездесуінде өнер көрсеткен сәтінен видео жариялап, ел сынына ұшырады. Видеода ол ән айтып қана қоймай, бірнеше қызды вальске шақырған.