16.07.2024, 18:00

«Неше күннен бері түсіме кіріп жүр»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін есіне алды

Фото: @sultankyzy

Тележүргізуші соңғы кезде өзін мазалап жүрген жайт туралы айтты. 

Журналист, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі бірнеше күн бойы түсіне кіріп жүргенін айтып, желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Соған орай тележүргізуші жеті шелпек пісіріп, күйеуінің әруағына құран бағыштаған.

"Неше күннен бері Қайрекең түсіме кіріп жүр. Неге екенін білмеймін. Бүгін жеті шелпек пісірдік", - деп жазды ол.

Сонымен қатар Ләйлә Сұлтанқызы ұл тәрбиесі туралы пікірін айтты.

"Ұлдар өскен сайын іште басқаша сезім. Өз қалаулары, жоспарлары бар, приоритеттері басқа, баяғыдай қолынан ұстап жетектеп кете салмайсың. Қартайғанда мені сүйрейтін болса деп армандап қоямын. Негізі "қартайғанда мені асырау керек" деген міндет артқанды ұнатпаймын", - деп жазды тележүргізуші.