Әншіден оқырмандары қалай салмақ жинап немесе салмақ тастау керегін сұрап, жиі жазатын көрінеді.
Танымал әнші Нұрболат Абдуллин жақында жігіттерге арналған курс ашатынын хабарлады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Әншіден оқырмандары қалай салмақ жинап немесе салмақ тастау керегін сұрап, жиі жазатын көрінеді.
"Братан, қайтіп азамыз, көмектес!", - деп жазған оқырманына әнші: "Шынымен керек болса, курс сатамын 20к, шын айтам", - деп жауап берген.
Дәл осыған ұқсас "қатты арықпын, қалай салмақ қоссам болады, көмектесіңізші ағау", - деген оқырманына да Нұрболат Абдуллин курсы туралы айтыпты.
"Салмақ тастағысы келетін оқырман көп екен, қосқысы келетіндері де біршама. Дипломымды тауып алайын. Сосын айтамын курс туралы", - деп жазды әнші.