$ 479.38  531.63  5.27

Тұрсен Алагөзов өзбек әншісі Атхамбек Юлдашевке «Cadillac Escalade» көлігін сыйлады

Бауырлас ел болғандықтан, қазақ халқының атынан сыйлаймын.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Танымал кәсіпкер, Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсын Алагөзов өзбек әншісі Атхамбек Юлдашевке қымбат көлік сыйлады, депхабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Өзбекстанның мәдениет қайраткері өзінің Instagram парақшасында жариялаған.  

Тұрсен Алагөзов "Cadillac Escalade" маркалы көліктің кілтін әншіге ұсынып тұрып:

“Бауырлас ел болғандықтан, қазақ халқының атынан сыйлаймын. Мен сізге ұзақ өмір, денсаулық және махаббат тілеймін”, – деді. 

Желі қолданушылары Атхамбектің өнерін жоғары бағалап, құттықтауды жаудырып жатыр. Соның арасында бір оқырман "65 миллион теңге емес пе еді бағасы, өте қымбат екен" деп бұл көліктің бағасын айта түсті.

Риза болған желі қолданушыларының бірі: «Құтты болсын, бұл кісі қазақтарды құрметтейді, тілін құрметтейді, қазақша жақсы сөйлейді, ән де айтады, - деп әншіге деген ықыласын білдірді.  

Интернеттен көліктің бағасын анықтағанда, "Cadillac Escalade" маркалы көліктің ең төменгі бағасы 67 500 000 теңгеден басталатыны көрсетілген.

Еске салайық, бұған дейін Мақпал Жүнісоваға өзбек әншісі алтын білезік таққан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 11
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары