Режиссері – Асылжан Әбдімүтәлі.
Баян Мақсатқызы бір жобада бой көрсетіп жатқан актер Сәбит Әбдіхалықов пен актриса Айгүл Иманбаеваны көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жұлдызды жұп “Көке” атты фильмге түсіп жатыр. Режиссері – Асылжан Әбдімүтәлі.
“Бүгін түсірілім алаңына Сәбит Әбдіхалықов келді. Идея авторы мен бас продюсері. Бұрынғы әйелімен бірге киноға түсіп жатыр. Недеген идеалды қарым-қатынас?! Сәбит сонымен қатар қазақ демографиясына үлес қосып жүр. Бүгінде жеті баланың әкесі. Әлі де үлес қоспақ”, – деп күлді Баян Мақсатқызы.
Жуырда еліміздің барлық кинотеатрында көрсетілетін фильмнің сюжетін Айгүл Иманбаева айтып берді.
“Менің образым – Қарлығаш Капенова. Әкімшіліктің идеология бөлімінде жұмыс істейді. Өзіме де қызық болып тұр. Режиссері – Асылжан Сәбитұлы. Баршаңызға сәттілік тілеймін”, – деді актриса.