Орамал таққан қыз-келіншектерге қатысты қоғамның көзқарасы екіге бөлінген.
Танымал айтыскер Сара Тоқтамысова орамал тағудың қиындықтары жайында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, орамал таққан қыз-келіншектерге қатысты қоғамның көзқарасы екіге бөлінген.
Бүгін бір ағамыз: “Басыңдағы орамалың үшін құрметтеймін” деді. Өткенде бір кісі телевидениеден хабарласып: “Сізді бағдарламаға шақырайық деп едік. Орамалыңызды шешіп келесіз бе?” дейді. “Неге” деппін сасқанымнан. Телевидениеге орамалдыларға рұқсат жоқ” дейді. Алланың парыз еткенімен Алладан қорықпайтындар ғана алысады-ау” деп күрсіндім де қойдым, – деп жазды ақын.