$ 480.55  533.75  5.36

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Димаш Құдайбергеннің шоу-концертіне ұласады

Бұл туралы әншінің анасы Светлана Айтбаева айтты.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Димаш Құдайбергеннің шоу-концертімен қорытындыланады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әншінің анасы Светлана Айтбаева айтты.

"Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына" дайындық басталып кетті. Бұйырса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз. Көшпенділер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда - керемет кездесулер, тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар....". "Келеді барлық әлем Астанаға, қонады Астанаға барша құстар! " деген әнімізбен баршаңызды күтеміз!", деп жазды Светлана Айтбаева Instagram-дағы парақшасында.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары