Төреғали Төреәлі туған жері Байқоңыр туралы Instagram-дағы парақшасында айтты.
Балалық шағы зымырандар ұшатын жерде өткен өнер иесі өзі туралы қызықты жайтты айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Төреғали Төреәлі туған жері Байқоңыр туралы Instagram-дағы парақшасында айтты.
"Ұлы дала баласы" қала көшелерін аралап, туып-өскен жерін оқырмандарына көрсеткен. Өнер иесі желі қолданушылары үшін арнайы видео түсірген. "Байқоңыр - ғарыш тарихы басталған жер. Өзімнің туған жеріммен кішігірім таныстырып жіберейін. Байқоңырдың жердің кіндігі деп атап жатады. Зымырандар сәтті ұшқан. Осы жерде туғаннан кейін менің де ғарышпен байланысым бар сияқты. Бекерден бекер өнер адамы болмадық қой. Осы жерде жүріп, қазақша ән айтып өстік. Осында айтысқа қатысып жүрдік", - деді әнші.