$ 480.55  533.75  5.36

«Қайраттың жолын қуайын деп жүр»: Әнші Argonya-ның сахнаға мас боп шыққаны жұрттың ашуын тудырды (ВИДЕО)

Оның бұл қалпын әдеттегі күйі деп қабылдаған оқырмандар да кездесті.

Фото: lmusic.kz
Фото: lmusic.kz

Отандық эстрада әншісі, композитор Argonya Екібастұз қаласында мас күйінде сахнаға шығып, халыққа жақпай қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл қылығын ерсі санап, ашуланған жұрт оны қатты сынға алды. Әсіресе, әлеуметтік желіде тараған видеоның астында тыңдармандары «киелі сахнаны қорлады», «Қайраттың жолын қуайын деген ғой» деп пікір жазған.

Ал әнші бейнежазбада:

Құттықтаймын. Мен жаңа ғана келдім, блин. Шаршадым. Жол ұзақ. Маған "Сені сүйемін" деген әнді қойып берші. Махаббат туралы ән айтайық, - дейді.

Десе де оның бұл қалпын әдеттегі күйі деп қабылдаған оқырмандар да кездесті. Ал көпшілігі оны бейәдеп сөздері үшін жауапқа тартуды сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 9
Күлкілі 4
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары