$ 494.87  520.65  4.91

«Әйелін өлтіріп қойды» дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен»: Әншінің сөзі желіде дау тудырды (ВИДЕО)

Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, күйеуі оны естиді де, барып өлтіріп қояды деген сияқты...

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Әнші Ұланғасыр Қамидың болашақ әйелін қоятын талабы, хиджаб туралы пікірі желіде дау тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 «Хиджаб – арабтікі. Неге адасасыздар? Оның бәрін әйелдер бір күні шешеді» деп оған әлеуметтік желіде бір тыңдарманы сұрақ қойған.

Осы орайда, шоу-бизнес өкілі «хиджаб кимейтін әйелге үйленбей-ақ қойған дұрыс» деп пікір білдірді.

«Көшеге әтірін сеппей шығып, күйеуінің алдында ғана себетін, көшеге боянбай шығып, күйеуінің алдында ғана боянатын» деген талаптарды қатты ұстанамын. Соған дайын әйел болса, аламын.  Басқалар (ред-) кигізе ме, шешіндіре ме, шешіп ала ма – шатағым жоқ. Соған көнетін әйелді аламын, көнбесе, алмаймын. Неге, арабтікі ме – маған бәрібір. Мен оны түсініп тұрмын, түсенетін әйел іздеймін. Кимеймін десе, «чао» деймін. Өйткені, мен болашақ әйелімді санын жалтыратып ешқайда шығарғым келмейді. Ал енді неге хиджаб кигізесің деген сұрақ болса, ер адам өзіне жауапкершілік алады ғой. Үйленгеннен кейін екінші адам үшін де жауаптысың. Ақыретте екі адам үшін сұраласың. Сол үшін хиджаб киіп, дұрыс жүрмейтін әйел болса, үйленбей-ақ қойған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, өзімізді қатыра алмай жүргенде, екінші адам үшін сұралғым келмейді. Әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, күйеуі оны естиді де, барып өлтіріп қояды деген сияқты», – деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 89
Күлкілі 28
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары