$ 494.87  520.65  4.91

Айжан Байзақованың күйеуін көлік қағып кетті

Көлік жүргізушісі телефонға қарап келе жатқан.

Фото: instagram.com/arystan_nurbek
Фото: instagram.com/arystan_nurbek

Белгілі блогер Айжан Байзақованың күйеуі Нұрбек Арыстанды көлік қағып кетті. Желі жұлдызы жол-көлік оқиғасының мән-жайын Instagram-дағы парақшасында баяндап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогердің сөзінше, көлік жүргізушісі ұялы телефонына қарап келе жатып, жаяу жүріншілер жолағындағы адамды байқамай қалған.

«Нұрбекті жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кетті. Көлік жүргізушісі телефонға қарап келе жатқан. Нұрбек көлікті зақымдаған. Жолдасым кішігірім жарақат алыпты. Көлік жүргізушісін кешіре салған. Енді үйге түк болмағандай келіп тұр. Күйеуімді көлік қаққан сияқты еді. Бірақ жолдасымның орнына көлік зақымданған. Бәрі жақсы, шүкір. Бірақ бұл да бір белгі деп қабылдайық. Жаяу жүргіншілер жолағында абай болып, көлік жүргізгенде телефонға қарамаңыздар. Нұрбек пен жүргізушінің жолы болды. Десе де екеуіне де үлкен сабақ болды», — деп жазды Айжан Байзақова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары