22.07.2024, 15:40

Бостандыққа шыққан Қайрат Нұртасты жанкүйерлері қоршап алып, сағынышын білдірді (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Жазбада Айдарбекова оның адал және қажырлы еңбекпен табысқа жетіп жатқанын атап өтті.

Қайрат Нұртас Астанадағы жаңа дүкеннің ашылу салтанатына қатысты. Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова видео түсіріп, жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбадан эстрада жұлдызын сағынған жанкүйерлері бірден қоршап алды. Ығы-жығы халықтан әнші сахнаға әрең көтерілгенін байқауға болады.

Жазбада Айдарбекова оның адал және қажырлы еңбекпен табысқа жетіп жатқанын атап өтті.

“Кеше ашылдық. Астана қаласында кәсібіміз жалғасады. Кім қалай еңбек етсе де, абыройымен болсын. Ең бастысы таза қара тер еңбегіңмен адал нанын табу барша жастарға алға қойылған мақсат болсын! Байқуатты болайық!”, – деп жазды продюсер Гүлзира Айдарбекова.