$ 480.55  533.75  5.36

Димаштың концертіне 1 сағатта билеттің 30 пайыздан астамы сатылып кеткен

Таңдалған орындарға байланысты билет құны 21 доллардан 84 долларға дейін қамтуы мүмкін. 

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әлемге танымал қазақстандық Димаш Құдайберген Астанада жеке кешін өткізеді. Оның 13 қыркүйекте өтетін концертіне қазірдің өзінде билеттердің көбі сатылып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Stranger атты шоудың билеттері 22 шілде күні сатылымға шықты. Бір сағат ішінде билеттердің 30 пайыздан астамы сатылып кетті.

 Әншінің хабарлауынша, концерт 13 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді.

«Достар! Бір сағаттың ішінде 13 қыркүйекте «Астана Аренада» өтетін Димаштың «Stranger» атты жеке концертіне билеттердің 30 пайыздан астамы сатылып кетті. Құрметті Dears, сіздермен Астанада болатын кездесуді асыға күтеміз! Ел аман, жұрт тынышта өздеріңізбен тез арада қауышуды жазсын. Баршаңызды жақсы көремін, баршаңызды сағындым», – деді Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Тicketon.kz сайтындағы мәліметке сүйенсек, таңдалған орындарға байланысты билет құны 21 доллардан 84 долларға дейін қамтуы мүмкін. Сондай-ақ, айтылған сома сатып алу сәтіндегі айырбастау бағамына сәйкес өзгеруі мүмкін. Сатып алу шектеулері: бір пайдаланушыға 4-тен артық емес билеттер сатып алынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары