$ 494.87  520.65  4.91

Қоғамда жалғызбасты әйелді автоматты түрде жүргіштің қатарына жатқызады – Айгүл Иманбаева (ВИДЕО)

Той-томалаққа жалғыз барсаң, күйеуін тартып алып қоятындай, әйелдер күйеуін қызғанады.

Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден

Белгілі әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева ажырасқан, жалғызбасты әйелдердің қандай қиындықтарды бастан кешетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Instagram желісіндегі парақшасында ажырасқан әйел ретінде өзінің тәжірибесімен бөлісіп, қоғамдағы өзекті мәселенің бетін ашты. 

Кейде  маған қоғамда жалғызбасты әйелдерге орын жоқ сияқты көрініп тұрады. Себебі жылғызбасты әйел өз орнын, еншісін қолымен жұлып алғандай алмаса, орнын таппауы да мүмкін. Байқайсыздар ма, біздің қоғамда қазір "Мен жалғызбасты анамын, әкесіз бала өсіріп отырмын. Менің жағдайым жоқ" деген сұрақ көп. Жалғызбасты әйелдер өзін жаралы, керексіз сезініп жатады. Әрине, ол қатарда мен де бармын, – деп бастады сөзін. 

Әрі қарай Айгүл Иманбаева қандай қиындықтарды басынан өткергенін жеткізді.

 Жалғызбасты әйелдердің қатарында мен де бармын. Себебі жалғызбасты болғаннан кейін, ажырасқаннан кейін өз басымнан өткен оқиғаны айтайын. Ажырасқаннан кейін әйел ішпей-жемей жүргішке, бұзық әйелдің қатарына жатып кетеді. Автоматты түрде сені солай жатқызады. Той-томалаққа жалғыз барсаң, күйеуін тартып алып қоятындай, әйелдер күйеуін қызғанады. "Мына байғұс әлі күйеусіз жүр ма?.." деген көздерді көресің. Осындай қызық дүниелер бар. Көп әйел комплекске кіріп кетеді. Жараланған, жалғызбастымын деген қалыпқа кіре бастайды. ...Жалғызбасты әйелге еркектің күшіндей-күш, еркектің энергиясындай энергия, кейде еркектің психологиясы да қажет болады. Әрине еркек бола алмайсың, бірақ балаңды жеткізу үшін, қоғамда өзіңнің орнынды алу үшін, қажымайтын қайрат, күш, білім керек болады және өзіңді сыйлата білу үшін мінез керек. Былай айтқанда, әйелдік нәзік энергияңды еркек энергиясына айырбастауға тура келеді. Сіздер осыған келісесіздер ме?, – деді ол. 

Желі қолданушылары да әншінің сөзінің қолдады.

«Әбден келісемін. Бәрін өте дұрыс айтып отырсың. Айгүл, сен мықтысың, психологпен де жұмыс жасадың. Бәрін халыққа айтып отырдың қаншама күш, қаншама еңбек. Шыдадың, күрестің, жарайсың. Сен биікке шықтың. Сен жеңдің, тынымсыз еңбектің арқасында», «Осы кісінің сөздері шынайы, жүректен шығып, жүрекке жетеді! Тыңдай бергің келеді», - деп жазды оқырмандары.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Бұрынғы әйелімен бір киноға түсіп жүр»: Баян Мақсатқызы Сәбит Әбдіхалықовты еркектерге үлгі етті

«Мұндай қызды көшке қосу оңай емес»: Айгүл Иманбаева анасына жаны ашитынын айтты (ВИДЕО)

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары