$ 494.87  520.65  4.91

«Өскеннен кейін тастап кетеді»: Байзақова бала үшін өмір сүру қате екенін айтты

Менің ата-анам балалары үшін өмір сүрді, мен олардың бірін-бірі жақсы көргенін көрген жоқпын. 

Фото: instagram.com/arystan_nurbek
Фото: instagram.com/arystan_nurbek

Белгілі блогер Айжан Байзақова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарын бала үшін өмір сүрудің қажеті жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогерге оқырманы "Бала үшін өмір сүруге бола ма? Екі баланың анасы ретінде жауап беріңізші", - деп сұрақ қойған. Ал блогердің айтуынша, бала өскеннен кейін бәрібір де ата-анасын тастап кетеді, сондықтан оларға өміріңді арнаудың қажеті жоқ.

"Менің балаларым өседі де мені тастап өзінің сүйгеніне кетіп қалады, ал мен қалған өмірімде балаларым үшін жақсы көрмейтін адамыммен тұрғаным үшін өкініп қала беремін. 
Мен мұны өз тәжірибемнен білемін.
Менің ата-анам балалары үшін өмір сүрді, мен олардың бірін-бірі жақсы көргенін көрген жоқпын. 
Сондықтан мен ерлі-зайыптылар бірін-бірі жақсы көре алады дегенде өмірімде сенбегенмін. Бұл маған мүмкін емес дүние болып көрінетін. 
Балаларыңыздың кейін осы мәселемен жұмыс істегенін қалайсыз ба?
Бала үшін өмір сүріп керек емес, өтініш.
Балалар үшін жай ғана бақытты болуға болады", - деп жауап берді блогер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 6
Күлкілі 3
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары