Ерке Есмахан елге ой саларлық жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялаған.
Ерке Есмахан желіде Парижде түскен суреттерін жариялап, ерекше жазба қалдырды. Өнер иесі біреудің күнәсін арқалап жүргендер туралы ойын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ерке Есмахан елге ой саларлық жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялаған.
"Жақсы сөз өзіңе айналып келеді. Жақсы сөз жаныңды тыныштандырады. Жақсы сөз балаларыңның жолын ашады. Жақсы сөз - жақсы энергия. Жақсы сөз - жарым ырыс. Бір жағынан, аяқ асты несібе. Ал, әркімге жаман сөз жазып, өзінің және біреудің күнәсін арқалаушылар ғаламторда онсыз да толып жатыр", - деп жазды әнші.