25 мың халық 20.00-ден бастап күтті.
Таяуда әнші Төреғали Төреәліні ақсуаттықтар он сағат бойы тікесінен тік тұрып күткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, Төреғали Төреәлі Ақсуат қаласында жеке концертін өткізген. Бірақ шоу-бизнес өкілі тыңдармандарын 10 сағат күттіріп қойған.
«Мен Алматыдамын. Алматыға келе сала жұмыстарды бастап кеттік, әзірге Ақсуатта өткен концерттегі қызықтарды бөлісейін. Халқым мені, мен халқымды сағынып қалыппыз. Аллам абыройдан айырмасын!», – деп жазды әнші.
Ал Қазақстан эстрадасының жұлдызы халықты ұзақ күттіргенін ашық мойындады.
«Көптен күткен Төреш ағаны 10 сағат бойы тік тұрып күтіп тұрды. 25 мың халық 20.00-ден бастап күтті. Осындай керемет эмоция сыйлаған жандарға мың алғыс», – деп жазды желіде әншінің бір оқырманы.