Әншінің өзі де туындының дәл осы тұсын желідегі парақшасына жүктеп қойды.
Әнші Нұрболат Абдуллин әлеуметтік желіде жаңа әнінен үзінді жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алайда Нұрболат Абдулиннің жаңа әні қалай аталатыны белгісіз.
Бірақ әннің мәтінінде "Аймалағым кеп ай төсін, қалаға шыққам жай тосын. Сен қалай келдің қорықпай, хабарсыз кетсем, қайтесің?" деген жолдар бар.
Әншінің өзі де туындының дәл осы тұсын желідегі парақшасына жүктеп қойды. Мұны көрген көпшілік өнер иесіне түрлі пікір жазып қалдырды. Олардың бірі Нұрболат Абдуллиннің әнін сынаса, енді бірі оның түр-келбетіне қатысты ойын айтқан.