$ 494.87  520.65  4.91

«Райымды қалай қаратып алдыңыз?»: Ерке Есмахан жас қыздарға кеңес берді

Сондай-ақ Ерке Есмахан күйеуі Райымның көпшіліктің арасында өзін қалай ұстайтынын айтты.

Фото:  instagram.com/erke_esmahan
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмаханнан оқырмандарының жолдасы Райым жайлы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Райымды қалай қаратып алдыңыз?» деген сұраққа ашуланған әнші қыздарды өзінің құнын біліп, бағалауға шақырды.

Қыздар неге өздеріңізді осыншама төмен бағалайсыздар? Неге жігітті қыз қарату керек? Мейлі ол жас немесе үлкен, бай, сымбатты, атақты, лауазымды адам болсын. Неге өз құндарыңды өздерің түсіресіңдер? Осындай сұрақ қоятын қыздарды аяймын. Біз 2018 жылы таныстық, сөйлестік. Арамызда сезім пайда болды. Уақыт өте бір-бірімізден алшақтағымыз келген. Бірақ бәрібір Алла қалап, екеумізді қосып, жанұя болдық. Шүкір. Бұл өмірде Алланың қалауынсыз бір жапырақ та жерге үзіліп түспейді. Сондықтан қыздар, миларыңызды болмайтын нәрсемен толтырмай, "жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді" деп бақытты өмір сүре беріңдер, - деп жазды ол.

Сондай-ақ Ерке Есмахан күйеуі Райымның көпшіліктің арасында өзін қалай ұстайтынын айтты.

Үлкен ортаға барғанда Райм жабылып қалады. Мен керісінше, ашыламын ғой, шіркін. Райм өзін сахнада суда жүзген балықтай сезінеді, - деп жазды өнер иесі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 44
Ұнамайды 10
Күлкілі 4
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары