28.07.2024, 06:30

Сәкен Майғазиевтің әйелі орысша жаңылтпаш оқып, жұртты күлдірді (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev

“Орысша сөйлемейтін адам екені көрініп тұр”.

Белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара орысша жаңылтпаш оқып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның жаңылпаш оқыған сәті түсірілген видео желіде тарады.

“Жаңылтпаш. Үйде немесе көлік кептелісінде тұрғанда қайталауға болады”, – деп күлді әнші.

Желі қолданушылары әншінің әйелі орысша сөйлегеніне күліп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

“Акценті қатты білініп қалыпты”, “Орысша сөйлемейтін адам екені көрініп тұр”, “Дауыс ырғағынан-ақ қазақы әйел екенін байқатты”, “Керемет жаңылтпаш екен”, “Кептелісте іш пыспайтын болды”, “Үлкен қызынан аумайды”, “Жаңылтпашты жылап отырып айтты ма?”, “Күлгеннен ішегім түйілді” десті желі қолданушылары.