30.07.2024, 06:30

«Нашар ән»: KeshYou мен Snoop Dogg-тың жаңа клипі сынға қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған

«Не первый, Иманбек озып кеткен баяғыда».

Танымал KeshYou мен Snoop Dogg-тың бірігіп түскен бейнебаяны жарыққа шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілдері «Forever Sunday» атты әнге клип түсірген.

«Шоу-бизнес тарихындағы алғашқы әлемдік тректі KeshYou тобы жазды. Сіз де тарихтың бір бөлігі болып, бейнебаянды көріп шығыңыз», – деп жазды продюсер Баян Алагөзова.

Ал клипті көріп үлгерген желі қолданушылары түрлі жағымсыз пікір жаза жөнелді.

«Қаншама күш, уақыт, ең бастысы – ақша кетті, ал ән нашар», «Не первый, Иманбек озып кеткен баяғыда»,  «Үш рет тыңдасам да сөзін түсінбедім», «Сөздері түсініксіз екен», «Продюсерге атақ, әншіге ақша керек болды», «Махі шайдың жарнамасы болып кеткен», «2008 жылы Snoop Dogg-тың әні осындай еді, ештеңе өзгертпеген», «Енді Шымкент сырасын клипке түсіру қалды» десті көпшілік.