Қайда барса шешесімен...
Продюсер Гүлзира Айдарбекова баласы үшін тағы оқырманымен сөзге келіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Танымал продюсер Қайратты «мамасының баласы» деген көпшіліктің сөзінен әбден жалыққан секілді. Өйткені ол бұл жолы оқырманын ауыр сөздер жазған.
«Мамасының баласы, баласының жасы 35-те» деген оқырманына «Сен ешектің не иттің баласысың ба?» деп қарсы сұрақ қойды.
«Осы Қайратты отбасына жібермейтін сияқты, той, концерт деп бауырына бір-ақ қысып алған сияқты. Жеке өмірі жоқ», «Осы шешелер неге жағаласып жүреді. Дұрыс қой, ана. Бірақ, әйел, бала-шағасымен неге көбірек болмайды екен. Қайда барса шешесімен» десті желі қолданушылары.