$ 478.93  534.96  5.16

Мақпал Жүнісова марқұм Мәдина Ералиеваны еске алып, видео жариялады

«Қазақтың Ақбаяны» атанып кеткен әнші, ерекше дауыс иесі Мәдина Ералиева 2000 жылы көлік апатынан көз жұмған. 

Фото: elana.kz
Фото: elana.kz

Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм Мәдина Ералиеваны есіне алды. Ол оқырмандарын қазақтың күміс көмей әншісіне Құран бағыштауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бүгін марқұм Мадина Ералиева әпкеміз арамызда болғанда 70 жасын тойлар еді. Құран бағыштап қояайық. Артында қалған ұлының отбасы өркендей берсін, топырағы торқа болсын!», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, бүгін Мәдина Ералиеваның туған күні. Мәдина  Есмалайқызы – 1954 жылы 2 тамызда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген.

Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан.

1974 жылы Қызылорда қаласындағы «Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищесінің» музыка бөлімін бітірген.

1978 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген.

1978-1984 жылдары Әдебиет және өнер институтында қызмет істеді.

1985 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы облысы филармониясының жетекші әншісі болды. Нәзік те сыршыл үн, өзіндік мәнерімен халықтың сүйікті әншісіне айналды. Оның орындауындағы «Ай-қарагөз», «Ақбаян», «Жылқы ішінде ала жүр», т.б. көптеген халық әндері мен «Кіресің жиі түсіме» (Қ.Құрманәлиев), «Сағым жылдар» (Б.Байкенжеев, М.Дәукенова) сияқты қазіргі қазақ композиторларының әндері Ералиеваның өзіне ғана тән әншілік мәнерімен, өзіндік орындау ерекшелігімен, нақыш-бояуымен халық жадында қалды. Ералиева халқымыздың ұлттық ән өнерін насихаттауға елеулі үлес қосты.

«Қазақтың Ақбаяны» атанып кеткен әнші, ерекше дауыс иесі Мәдина Ералиева 2000 жылы көлік апатынан көз жұмған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары