02.08.2024, 17:40

«Қол ұстасып, бір мәмілеге келдік»: Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы елді қызықтырып қойды

Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Өнер иесі көпшілікке жаңа көмекшісін таныстырды. 

Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа жазба жариялап, оқырмандарын қызықтырып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында қасына жаңа көмекші алуға ниетті екенін айтып, онымен қандай мәмілеге келгенін жеткізді.

"Мыналардың біреуін көмекшім етіп алып кетсем бе деймін. Айтпақшы бұлардың барлығының аты Айдос. Сонымен Айдос екеуміз қол ұстасып, бір мәмілеге келдік. Анда-санда кездесіп, сырласып, сыйласамыз деп шештік", - деп жазды өнер иесі.