05.08.2024, 06:30

Қытайдағы қазақтар Айқын Төлепбергенге ат мінгізді (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/aikyn

Эстрада жұлдызы бұл жақта ән кешін өткізген.

Қытайдағы қазақтар әнші Айқын Төлепбергенге ерекше құрмет көрсетіп, ат мінгізді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Танымал әнші Айқын Төлепберген Қытайдағы қандастарымыздың ыстық ықыласына бөленді. Шоу-бизнес өкілі шет елдегі қазақтардың өзі ат мінгізген сәтін түсірілген видеоны Instagram-дағы Stories бөлімінде жариялады.

“Тарбағатай жігіттері ат мінгізді. Рақмет. Қытайдағы қандастарыма рахмет", - деп жазды әнші. 

Эстрада жұлдызы бұл жақта ән кешін өткізген.