$ 494.87  520.65  4.91

«Күміс той жасаймыз»: Қарақат Әбілдина қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

Биыл үйленгендеріне 25 жыл толған. 

Фото: instagram.com/karakat.a/
Фото: instagram.com/karakat.a/

Отандық шоу-бизнес өкілі Қарақат Әбілдина тұрмысқа шыққан жылдарын есіне алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, биыл үйленгендеріне 25 жыл толған. 

“Қызымның “Тағы да үйлену той боласыңдар ма не?” дегені қалай кетті. Тамыз айының 20-сы үйленген күніміз ғой. Бұйырса биыл – 25 жыл, “Күміс тойға“ да жетіп қалыппыз, шүкір! Соған архивтерді қарайын деп, ашқаным сол еді, визажист қызым қасыма келіп біраз қарап тұрды да, түрімді көріп: “Неге әдемілеп боянбағансыз? Кірпік, тырнақ жабыстырып, хайлайтер, румян жағып, шаш үлгіңіз де кішкентай қыздардың тағатын гүлдерін тағып алыпсыз” деді. Қазіргінің баласы қайдан білсін ол кезде қазіргідей макияж, кірпік жапсыру деген жоқ, бәрі табиғи болғанын”, – деп жазды өнер иесі. 

Сондай-ақ әнші айтулы отбасылық мерекені үлкен той етіп атамақшы екендерін де жасырмады. 

“Неке тойымызда сендер болмадыңдар , енді сендер көрсін деп тағы бір рет үйленейік” десем,түрі мынау. Әкесі екеуміз шағын ортада ағайын, дос-жаранның арасында күміс тойды атап өтсек пе деп қоямыз”, – деді әнші. 

Еске салайық, Қыдырәлі Болман “Алматыда үйленгендер біледі. Той алдында міндетті түрде Медеу мұз айдынына бару – жазылмаған дәстүр еді. Үйлену тойымызға қарап отырып, неше түрлі ойға батып, достарың мен сол кездегі түрлі бастан кешкен әсер еске түседі. От болып жанып тұрған кездер-ай! Ерке кездер-ай”, – деп сағыныш жазбасын арнаған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары