$ 478.93  534.96  5.16

«Менің әндерім рух берген шығар»: Елдос Сметовтың жеңісіне Төреғалидің қандай қатысы бар?

Оның айтуынша, Олимпиада чемпионы Сметов Төреғалидің әндерін тыңдап, жаттығу жасайтын көрінеді.

Фото: instagram.com/toregalitoreali
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Әнші Төреғали Төреәлі Париж Олимпиадасының алтын жүлдегері Елдос Сметовтің жеңісінде өзінің де үлесі барын меңзеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, Олимпиада чемпионы Сметов Төреғалидің әндерін тыңдап, жаттығу жасайтын көрінеді.

“Таразға жолда келе жатып, толғанып келдім. Халқы үшін өз өмірін, жылдарын сарп еткен нағыз азамат. Әлемді мойындатқан палуанымыздың қуанышы күллі қазақ бірлігінің көрсеткіші. Неге десеңіз "Жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпайды" дейін. Қаншама халықтың қолдауы үлкен рөл атқарады. Енді мен де сол қазағымның қуанышына ат басын бұрып келдім. Бір қызығы, досым менің әндерімді тыңдап, жаттығу жасайтын көрінеді. Бәлкім, менің әндерім рух берген шығар", – деп жазды Төреғали. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 7
Күлкілі 5
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары