$ 494.87  520.65  4.91

«Фаридаға сабыр»: Нұрболат Абдуллин әйелімен отау құрғанына 9 жыл болғанын атап өтті

Ерлі-зайыпты атаулы күнді Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өткен. 

Instagram/nurbullin
Instagram/nurbullin

Қазақстандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин отау құрғанына 9 жыл болуына орай келіншегіне романтикалық кеш ұйымдастырған. Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Өнер иесі әйеліне ұйымдастырған романтикалық кештен әлеуметтік желідегі парақшасына фото жариялап, оқырмандарына көрсеткен. 

Суреттерде олардың бір-біріне күлімдеп қарап отырғанын көруге болады. Желі қолданушылары үш қыздың ата-анасына тәнті болып, оларға түрлі пікір білдірген.

"Фаридаға сабыр", "Өзіңізді сала бермей, осылай әйеліңізді де салсаңызшы", "Ең бақытты отбасы болыңдар! Кызгалдактарың аман болсын! Тіл көзден сақтасын! Алла берер сыйы мен абыройынан еш айырмасын", "Келіншегіңіз сондай сұлу. Жұптарыңыз жазылмасын", - деп жазуда көпшілік.

Әнші "Фаридаға сабыр" деп жазған оқырмандарына жауап берді. Әнші оған да оңай емес екенін айтқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары