$ 478.96  533.03  5.22

«Асфальт төсесін»: Сара Тоқтамысова Назым Қызайбайға да құрмет көрсету керегін айтты

Қазақтың қоржынын қоламен толықтырдың! 

Фото: instagram.com/sarkanai
Фото: instagram.com/sarkanai

Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова Париж Олимпиадасында топ жарған боксшы Назым Қызайбайды жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, боксшы Париж Олимпиадасының қола медалін иеленді.

“Назым, сен – мықтысың! Қазақтың қоржынын қоламен толықтырдың! Үйіңнің алдына ғана емес, ауылыңа қарай асфальт салып берсе де жарасады. Шынын айтсам қыздардың боксын көре алмайды екенмін. Өте ауыр спорт түрі екен”, – деп жазды айтыскер ақын.

Еске салайық, 5 тамыз күні Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Қазақстанға оралып, Таразға ат басын тіреді. Елге оралуына байланысты жергілікті әкімшілік атақты спортшы тұратын көшені абаттандыру шараларын қолға алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары