Әнші Мөлдір Әуелбековамен де қатынасын үзген.
Отандық шоу-бизнес жұлдызы Индира Елемес өнердегі әріптесі Ерке Есмаханмен неге араласпай кеткенін ашып айтты. Әншінің сөзінше, оған жолдасының септігі тиген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Индира Елемес күйеуі оның өнердегі әріптестерімен араласуына қарсы болғанын айтты. Әнші тұрмысқа шықпай тұрып, Ерке Есмахан және Мөлдір Әуелбековамен жақсы қарым-қатынаста болғанын жеткізді. Алайда кейін екеуімен де байланысын үзген.
"Өнердегі ең алғашқы продюсерім - Мөлдір Әуелбекова еді. Тұрмысқа шыққаннан кейін араласпай қалдым. Жақын деген құрбыларымнан алыстап кеттім. Одан кейін Ерке Есмаханмен жақсы араластым. Ол кезде хит әндерді орындап жүрген еді. Мен болсам енді шығып келе жаттым. Екеуміз үй жақта көп сырласатын едік. Өте жақсы қыз. Әншілігінен бөлек, адамгершілігі де керемет болатын. Өзі жұлдыз болса да менімен тең дәрежеде сөйлесетін. Өнеріме қолдауын білдіріп, бағыт-бағдар беріп отыратын. Жолдасым ол кісімен де араластырған жоқ.
Ерке мені өзінің гастролдік сапарларына қоспақшы да болды. Кейін жолдасымның не дегенін білмеймін, бізге ренжіп қалды. Ерке екеуміздің арамызда ешқандай да кикілжің болған жоқ. Бірақ қазір араласпаймыз" , - деді Индира Елемес "Мамский әңгіме" подкастында.