Мен мінсіз болмағаным үшін күйеуім маған ғашық болды.
Танымал әнші Ерке Есмахан көпшілікті мазалап жүрген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Бір құпияны ашайын. Мен мінсіз болмағаным үшін күйеуім маған ғашық болды. Қыздар, мінсіз, тілалғыш немесе үнемі жертва болып жүруден қашыңыздар", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ерке Есмаханның мұндай ой қозғауына желідегі оқырманының "Ерке, сен мінсізсің!" деген сөзі себеп болыпты.
"Жоқ, мен мінсіз емеспін! Мен жай ғана қызықпын", - деп басталған жазбада танымал әнші күйеуін қалай ғашық еткенін жазып, қыздарға ақыл-кеңес беріп өткен.