12.08.2024, 16:00

«Біліп жүріңіздер!»: Cерік Ибрагимов енді қыз ұзатпақ

Фото: ibragimovserik инстаграм парақшасынан

Серік Ибрагимов қыз ұзатуға арналған ән жазды.

Әнші Серік Ибрагимов те Айдар Тұрғамбек секілді қыз ұзату тойларына шықпақ. Ол тіпті, қыз ұзатуға арналған ән жаздырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Танымал эстрада әншісі Серік Ибрагимов қыз ұзату тойына шақырту қабылдайтынын айтты.

«Әкесі мен қызының биі. Анелия Құдайқұлова, енді қыз ұзату тойларына да тапсырыс ала бер, өзім ұзатамын», - деп жазды ол.

 Бұл жаңалықты Event Agency «Insar» іс-шаралар ұйымдастырушысы Анелия Құдайқұлова да желіде жариялады.

«Достар, Серік Ибрагимов қыз ұзатуға арналған ән жазды, біліп жүріңіздер», - деді Анелия Instagram парақшасында.