12.08.2024, 18:40

«Әйелі қайтыс болып, жалғыз қалды»: Бибігүл Төлегенова мен Дінмұхамед Қонаевты не байланыстырады

Коллаж: Sn.kz

Қызметте болғанда киімі бәрі үтіктелген сондай беделді кісі еді. 

Бибігүл Төлегенова мен Дінмұхамед Қонаевты не байланыстырады? Екеуінің қарым-қатынасы туралы аты аңызға айналған әншінің өзі айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Халық әртісінің айтуынша, ол саясаткер Дінмұхамед Қонаевпен биліктен кеткен кезінде жақсы араласқан. Бұл туралы Төлегенова Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.

«Қонаевпен ол биліктен кетіп қалған кезде араластым. Әйелі қайтыс болғанда жалғыз қалды. Ол үйінде жалғыз тұратын. Басынан ауыр кезең өтіп жатқанын көріп, жүрегіміз ауырды. Ол кісінің күзеті болатын. Оған сегізге дейін ғана келуге болатын. Сағат сегіз болғанда күзет келіп, кездесу уақыты аяқталғанын айтатын. Бір рет өзі маған қоңырау шалды. Әбден іші пысқан болу керек. «Бибігүл, қызым сен бойдақтардың шайын ішкің келмей ме?» деп еді. Сол сәтте концерттен енді келгенмін. «Уақытың болса, үйге кел» деп шақырды. Қызметте болғанда киімі бәрі үтіктелген сондай беделді кісі еді. Ал үйінде қарапайым адам. Бірге отырып шай ішіп, көп әңгімелесетін едік», – деді әнші.