13.08.2024, 18:40

«Бөлек шыққым келмейді»: Салтанат Бақаева 11 жылдан бері ата-енесімен бірге тұратынын айтты

Фото: mail.ru

Бөлек тұрған кездер болды.

 

Әнші, актриса Салтанат Бақаева 11 жылдан бері ата-енесімен тұратынын айтып, бірге тұрудың артықшылықтарына тоқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Менің ата-енеммен бірге тұрғаныма – 11 жыл. Бөлек тұрған кездер болды. Бірақ жолдасым екеумізге ыңғайсыз болды. Өйткені балаларға қарайтын адам болмады. Бала күтушісіне, бөтен адамға мен баланы сеніп тастай алмайды екенмін. Одан кейін өнер адамы болғандықтан той, ән сапар деп жиі кетіп қаламыз. Мұның бәрі қиын болды. Ал бірге тұрған маған ұнайды. Бірақ болашақта балаларыммен бірге тұрғым келмес еді. Күйеуіммен бірге тұруды қалаймын", – деді өнер иесі.

Сондай-ақ, ол кейбір кездерде ата-енесінен бөлек тұрғанын да айтып, естеліктерімен бөлісті.

“Біздің әулетте бөлек тұру деген әңгіме қозғалмайды. Өйткені жолдасым жалғыз ұл әрі үйдің кенжесі. Жолдасым – кәсіпкер, оның тіпті қолы тимейді. Сондықтан, ата-енемен бірге тұруды қолдайтын келіндердің бірімін” – деді әнші.