$ 494.87  520.65  4.91

«Мөлдір де ән айтып кетіпті»: Тұрсынбектің жұбайы музыкаға бет бұрды

Қазақ эстрадасында жаңа жұлдызбен толықпақ.

Фото: moldir.mt инстаграм парақшасынан
Фото: moldir.mt инстаграм парақшасынан

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқан әнге әуестігі жайлы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнімді бір апта бұрын Тик-ток парақшамдағы оқырмандарыммен бөліскен едім. Жақсы пікір 80%-дай жиналды. Ал, 20%-дай оқырманым «Мөлдір де ән айтып кетіпті» деп ұлардай шулап кетіпті. Ән айту – жанымның қалауы, хоббиім. Өзім үшін. Қанда бар өнер бәрібір менмұндалап шақырып тұрады екен. Біреуге ара-тұра поэзия оқу ұнайтын шығар, ал мен көңілдің кейбір сәттерінде ән шырқаймын. Шыны керек, бір күнімді бір күніме ұқсатпай әдемі, жарқын өмір сүргім келеді. Бала кезден жаңа дүниеге жаным құмар. Қазіргі жазып жүрген каверлерім бала Мөлдірдің бір кездегі арманы да болар. Балаларым да өз қалауын орындай алатын, арманын мақсатқа айналдыра алатын бақытты ананы көріп өссе деймін. Әлеуметтік желі – самовыражение, ішіңдегіні бөлісу құралы. Ән айтқысы келген адам айтсын, билегісі келетін адам билесін. Тіпті актриса болып армандаған болсаңыз да ешқашан кеш емес. Тегін танылу құралдары толып жатыр. Өзімізді бір қорапқа салып анау болмайды, мынау болмайды деп шектей бермейікші. Ұяттың нормасынан асатын дүниелерден құдай сақтасын. Ал, 5 күн мына жалғанда күліп-ойнап, жарқырап-жайнап жүргенге не жетсін?!,- деп жазды Мөлдір Мұқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 23
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары