15.08.2024, 06:30

«Дым ренжімеңіздер!»: Ерке Есмахан дөрекі тыңдармандарына ескерту жасады

Фото: instagram.com/erke_esmahan

Демалып немесе өз шаруаңмен асығыс, уақытың болмай шауып жүргенде төбеңнен, желкеңнен жасырын түсіріп тұратындар да болады. 

Әнші Ерке Есмахан көшеде дөрекілік танытып, бейәдеп қылық көрсететін тыңдармандарына ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, әншіге көпшілік жерге дөрекі сөйлеп, жағымсыз әрекетке баратындар жетерлік. Мұндай қарым-қатынастың бәрі Еркеге ұнамайды. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде айтты.

«Аллаға шүкір, еңбектің жемісі ғой. Қайда барсақ та танып, қасымызға келіп жағдай сұрап, сәлемдесіп, фотоға түсіп тілектерін жаудырып жатады. Үлкендер ақ баталарын аямайды. Кез келген жерде сыйлап-құрметтейтін халықты көріп қуанамыз. Рақмет! Бірақ кейде артық сөйлеп, үйт-бүйт деп дөрекіленіп суретке, видеоға түскісі келетін адамдар да бар. Болмаса тамақтанып, демалып немесе өз шаруаңмен асығыс, уақытың болмай шауып жүргенде төбеңнен, желкеңнен жасырын түсіріп тұратындар да болады. Көбінесе бәрін сыйлап, ешкімнің бетін қайтармауға тырысамын. Ал кейде «жоқ» десем, дым ренжімеңіздер. Менің де ондайдан жүйкем ауыратын кездер болады», – деді  Ерке Есмахан.