$ 494.87  520.65  4.91

«Өлік жөнелткендей ұзатқан не масқара»: Айгүл Елшібаева сыңсу орнына Құран оқитындарға шүйлікті

Өнер иесінің айтуынша, дәстүрлі емес діни ағым өкілдері салт-дәстүрімізді жоққа шығарып жатқан көрінеді. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева қыз ұзату кезінде сыңсу орнына Құран қосып қоятындарды сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесінің айтуынша, дәстүрлі емес діни ағым өкілдері салт-дәстүрімізді жоққа шығарып жатқан көрінеді. 

“Алжыған Уахаптар! Қыз баланы Құран оқып, өлік жөнелткендей ұзатқан не масқара. Көрген көзде жазық жоқ. Уахаптар салт-дәстүрге қарсы болсаңдар, Құран оқып ұзатқанша, ұзату тойын жасамай, үйлерінен жібере салсаңдаршы, салт-дәстүрімізді қор қылмай. Қыз ұзату салт-дәстүрімізге жатады. Аялап өсірген қызын, жат ұяға беру – қимастығының белгісі. Арабтарда күң-құл сату, әйелдің билігі екінші орында болғандықтан, қазақтың дәстүріндей қыз балаға құрметі жоқ", – деп жазды дәстүрлі әнші.  

Сонымен қатар өнер иесі діни салттарға ұлтымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі әдет-ғұрыптарымен шатастырмауды өтінді. 

“Тойды садақаға айналдырған, садақа мен қыз ұзату салт-дәстүрді айыра алмаған дүбара сауатсыздар. Уахап шейхтарыңа ұнаймын дегенше, өле қалыңдар, қазақ болмай кеткірлер. Ұлтымыздың тәрбиелі, мағыналы қыз балаға ақ тілегімен құрмет көрсеткен салт-дәстүрін садақаға айналдырмаңдаршы. Ислам діні, Абу Ханифа мазхабын ұстаған қазақ неше ғасыр мұндай сұмдықты көрмеген шығар?! Осылардыкі дұрыс па, ағайын?" –деп ашуланды өнер өкілі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары