$ 494.87  520.65  4.91

«Қызды кім айттырмайды»: Балжан Бидашқа тағы тұрмыс құруға ұсыныс жасалғаны рас па? (ВИДЕО)

Ол жеке өмірінде жаңалықтар болған жағдайда бірден хабарлауға уәде етті.

Әнші Балжан Бидаш желіде тарап кеткен видеоға пікір білдіріп, өзіне қатысты қауесеттерді жоққа шығарды. Белгілі болғандай, әншіге ұсыныс жасап жатқан бейнежазба бірнеше жыл бұрын түсірілген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі оқырмандарын желіде тарап жатқан қауесеттерге мән бермеуге шақырды. Ол жеке өмірінде жаңалықтар болған жағдайда бірден хабарлауға уәде етті.

"Осы видео интернетті шулатып жатыр екен. Қызды кім айттырмайды? Қымызды кім ішпейді? Ұсыныс жасаса, сіздерге бірінші болып өзім айтамын. Анау- мынау әңгімелерге сене бермеңіздер", - деп жазды Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары