$ 494.87  520.65  4.91

«Жұмысы да, үйі де жоқ жігітке тұрмысқа шықтым»: Жазира Байырбекова қыздарға кеңес берді

Махаббат та, байлық та, атақ-даңқ та жоғалуы мүмкін. 

Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес беріп, жеке өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесінің айтуынша, бүгінде жастар тұрмыс құратын болса, материалдық жағдайға көп көңіл бөліп кетеді.

“Қыздарға қандай кеңес бересіз?” дейді. Біздің тәжірибеміз қазіргі жастарға өтпейді. Әр заманның өз талабы бар. Мысалы, мен жұмысы да, үйі де, атағы да жоқ жігітке тұрмысқа шықтым. Бәріне бірге жүріп жеттік. Қазір үйі бар ма, бизнесі, жұмысы бар ма, мамандығы қандай, әке-шешесі немен айналысады, бәрі маңызды дейді. Қайсысы дұрыс, нақты білмеймін. Бірақ махаббат бірге тұрғанда сыйластыққа, достыққа, бауыр басуға айналмаса, өшіп қалады. Махаббат та, байлық та, атақ-даңқ та жоғалуы мүмкін. Тек мейірімді адамның мейірімділігі ғана жаныңда қалады", – деп ой бөлісті әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 27
Ұнамайды 1
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары